Тереза Мэй отставкаға кететінін мәлімдеді
Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда Консервативті партияның көшбасшысы қызметінен кетеді.
17:15 24.05.2019
Бұл жайлы ол жұма күнгі консерваторлар комитеті басшысымен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«7 маусымнан бастап Консерватитвті партияның көшбасшысы қызметінен кететінімді хабарлаймын», - деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Британ премьері Brexit-ті дамыту жолында қолынан келгеннің бәрін істегенін айтты.
«Мен парламент мүшелерін бұл келісімді қолдауға көндіру үшін бәрін жасадым, - деді ол. - Өкінішке қарай, қолымнан келмеді».
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!