{metadescription}
Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

Ержан Максим «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы атанды

Ресейдің Бірінші арнасының «Голос. Дети» конкурсының арнайы шығарылымы тікелей эфирден көрсетілді.

Бұл жолы Микелла Абрамовадан басқа финалға жолдама алғандардың барлығы өнер көрсетті. Әуелі Пелагея, содан кейін Светлана Лободаның командасында болғандар сахнаға шықты. Ең соңынан Валерий Меладзенің шәкірттеріне кезек келді.

Оралдық Ержан Максим «Адажио» әнін орындап, көрермендердің қошеметіне бөленді. Шоуды қорытындылыған. Бірінші арнаның бас директоры Константин Эрнст «Голос. Дети» байқауының жеңімпазы ретінде бірінші болып Ержан Максимді атады.

 «Ержан, ендігі сен Бірінші арнада ештеңе сатылмайтынын білесің!» - дейді Константин Эрнст.

Финалистердің барлығына мүсінше мен миллион рубльден (5 млн 800 мың теңгеден аса) ақша берілді. Сонымен қатар ол шоудың арнайы шығарылымына қатысудан бас тартқан Алсудың қызы Микелла Абрамоваға сәлем жолдап, ойын айтты. Ол болған жағдайға қарамастан, Микелланың басқа да қатысушылар сияқты «Голос» шоуының отбасымен бірге қалатынан жеткізді. Сөз соңында Константин Эрнст барлық ата-ананы балаларын сол қалпында, жеңсе де, жеңілсе де жақсы көруге шақырды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ержан Максимнің суперфиналда өнер көрсетіп, екінші орын алғанын жазған болатынбыз. Алайда кейін дауыс беру қорытындысына байланысты дау туындап,  Ресейдің Бірінші арнасы алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған еді. Сөйтіп арнайы шығарылым көрсету жөнінде шешім қабылданды

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде