{metadescription}
Маңғыстауда ірі бұршақ малды қырып кетті
Маңғыстау облысында үлгендігі грек жаңғағындай болатын бұршақ жауды.
15:19 25.05.2019
Үлкен бұршақтың салдарынан жайылымда жайылып жүрген мал қырылып қалған. Оқиға 24 мамырда Үштаған аулында орын алған. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, бірнеше минуттың ішінде жердің бетін бұршақ қабаты басқан.
Қар басып қалғандай болды, дейді олар. Үлкендігі грек жаңғағындай бұршақтың салдарынан ашық жерде жайылып жүрген мал өліп қалыпты. Сонымен қатар өсімдіктер де зардап шеккен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!