Қытайда қайық аударылып, 10 адам қаза тапты
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйжчоу провинциясындағы Бэйпаньцзян өзенінде қайық аударылды.
17:36 25.05.2019
Қайық иесі аман қалған. Жантүршігерлік оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Бэйпаньцзян өзенінде аударылған қайықта 29 адам болған, оның 11-і құтқарылды, оларға дәрігерлер көмек көрсетті. Сегіз адам із-түзсіз жоғалды.
Қайық иесі де аман қалған. Ол полиция бақылауында. Қайғылы оқиғаның неден болғаны айтылмады, деп жазады today.kz.
Еске сала кетейік, бұрын сотталған педофил Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде 7 жасар қыз баланы зорламақ болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!