Тегін балабақша туралы заң қабылданды
Жапонияның Жоғарғы палатасы тегін балабақша туралы заң қабылдады.
17:28 28.05.2019
Ол 2019 жылдың қазан айында күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, балабақшалар 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін. Ал, 6 жасында балалар бастауыш мектепке барады. Сондай-ақ, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды жоғары сыныптарда және жоғары оқу орындарында тегін оқыту туралы заң қабылданды. Ол 2020 жылдың сәуірінен бастап күшіне енеді.
Айта кету керек, бұл заң жүйелерінің бәрі премьер-министр Синдзо Абэнің үкіметі тарапынан енгізілді. Ол біртіндеп елде тегін білім беру жүйесін енгізуді қолдап, оны өзінің саяси бағдарламасының негізіне айналдырды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!