{metadescription}
Полицияға жұмысқа тұру тәртібі өзгереді

Полицияға жұмысқа тұру тәртібі өзгереді

Енді болашақ полицейлер жұмысқа тұру кезінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде тест тапсыратын болады.

«Бұған дейін тестілеу Ішкі істер органдарында өтетін. Яғни, олар қай жерге түсті сол жерде тестілеуден өтті. Енді біз бұл тестілеуді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тапсырдық. Ішкі істер министрлігіне түсіге ниетті әр адам енді агенттікте тестілеуден өтеді», - деп түсіндірді Калайчиди.

Тестілеуден кейін үміткерлер медициналық комиссиядан өтіп және дене шынықтырудан сынақ тапсыруы керек.

«Содан кейін конкурс болады. Бірінші іріктеу кезеңінің соңғы бөлімі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумағында өтеді. Бұл маңызды жаңалық. Енді бізге келген адамдарға қатысты соңғы шешім Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумағында жасалады», - деп түсіндірді Калайчиди.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде