{metadescription}
Жеткіншек мектеп оқушысының басын балталап тастады

Жеткіншек мектеп оқушысының басын балталап тастады

Ресейдің Саратов облысында орналасқан мектептегі оқушының бірі қыз баланың басынан балтамен ұрған.

Оқиға Вольсктегі №4 мектепте болған. Оқу орнында емтиханға кезек басталған уақытта, сынақты тапсырушылардың арасында Даниил Пулькин тұрды. Алайда ол мектепке балта мен Молотова коктейльмен келіпті. Жеткіншек жанып тұрған қоспаны кабинетке тастаған. Ал қыз бала күтпеген жерден жеткіншектің қолына құлап кетіп, ауыр жарақат алды. Зардап шегуші санавиацияның көмегімен Саратовқа жеткізілді.

Желіде шабуылдаушы жеткіншек туралы ақпарат пайда болды. Жасөспірім әкесіз өскен. Оны анасы бір өзі тәрбиелеген. Наурыз айында Даниил психодиспансерде ем алып шыққан. Мектепте достары да болмапты. Үнемі жалғыз жүретін болса керек. Даниил Пулькин мектепке екі апта бұрын шабуыл жасауды жоспарлаған. Суретшіге жолығып, қолына балта ұстаған суретке тапсырыс беріпті. Тіпті, жейдесіне "түңілдім" деп жаздыртыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде