Бұрынғы қала басшысы өз әйелін атып өлтірді
Қайғылы оқиғаға ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс себеп болған.
11:40 29.05.2019
Тегеранның бұрынғы мэрі өз әйелін өлтіргенін мойындады.
"Наджафи жұбайының өліміне өзі кінәлі екенін мойындады. Оның мұндай қылмысқа баруына отбасылық кикілжіңдер себеп болған", - деп мәлімдеді прокуратура өкілі Мохаммад Шарияри.
Бұрынғы мэр полицияға өзі келген. Осыған дейін, Иран баспасөзінде бұрынғы мэр және бұрынғы президент кеңесшісінің әйелі Тегеранның солтүстігіндегі элиталық аудандағы үйлердің бірінде атып өлтірілгені туралы ақпарат пайда болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!