Тоқаев сайлауалды теледебатқа қатысудан бас тартты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды теледебатқа қатыспайды.
16:06 29.05.2019
«Президент сайлау процесінің алдында насихаттау науқанына қатысуын барынша шектеді. Насихаттау жұмыстарын оның қоғамдық штабы мен сенімді тұлғалар жүргізуде», - дейді Қарин.
Президенттің кеңесшісінің сөзінше, өзге де үміткерлердің БАҚ-қа қолжетімділігі тең болып қана қоймай, сайлау мүмкіндіктері де барынша көп болуы керек. Сондықтан, Қариннің айтуынша, Тоқаев бұқаралық көлемді шараларға қатысудан бас тартып отыр. Алайда өзінің қоғамдық штабына пікірталастарға қатысуды тапсырған.
«Президент үшін өзге де үміткерлердің мүмкіндіктері зор болғаны, олардың өзін-өзі көрсетіп, позициясын жеткізе алуы маңызды. Естеріңізде болса, ол сайлаудың әділетті әрі еркін болатынына кепір берген еді. Бұл оның түбегейлі позициясы», - дейді Қарин.
Айта кетсек, Қазақстанда президенттікке үміткерлердің пікірталасы 29 мамырда 18:00-де «Хабар» арнасының тікелей эфирінде өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!