Жас жігіт бұйраланған ұзын шашымен қыздарды қызықтырып жүр
Бразилияның Минас-Жерайс штатынан шыққан 28 жастағы Кристиано Брага актерлік және модельдік мансапты бар күшін салып құрып жатыр.
16:35 29.05.2019
Оған бұл жолда сәнді шашы айтарлықтай көмектесті. Ол күтпеген жерден шашын өсіріп, одан не шығатынын көрмекші болды. Сөйтіп, Криштиано бес жыл бұрын шашын өсіре бастады. Бір сәтте ол өзіне ұзын шаш ұнататынын және оған өзіне ұнайтын нәрседен бас тартуға ешқандай себеп жоқ екенін түсінді.
Бір қызығы, оның шашы кез-келген қыз қызығатындай әдемі болып өскен. Бірақ, Кристиано бұйра шашын алоэ вера, түймедақ, авокадо, жалбыз секілді әртүрлі майлармен күткеннен басқа артық ештеңе жасамайтынын айтты.
Кристиано көшедегілер ұзын шашына таңдана қарап, жиі тоқтататынын мойындады. Кейде оны қандай да бір рок жұлдызы деп ойлап қалады екен. Дегенмен, қыздар оған қызғана қарайды, бірақ жігіттер жиі бейәдеп сөздермен қорлайды. Олар Кристиано әйелге ұқсауға тырысады деп ойлайды, бірақ ол ешқашан қыз болуға тырысқан емес.
«Мен, әйел болғың келе ме деген сұрақтарды естігенде кәдімгідей көңілім түсіп қалады. Бірақ, олар біздің қоғамның әдеттегідей көріністен аздап өзгеше нәрсені қабылдауға дайын емес екендігін көрсетеді»,- дейді Кристиано Брага.
Оның айтуынша, модель мамандығы сырт-келбетті тұрақты сақтап тұруды көздемейді. Және ол бір күні келісімшарт үшін шашын алып тастауға мәжбүр болатынын ойлап, қорқады, деп жазады stan.kz. Бірақ, әзірге ол агенттіктермен келісіп алған. Сондықтан, ол осыдан кейін де барлығы сәтті жалғасын табады деп үміттенеді.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!