{metadescription}
Дәрігерлер науқас әйелдің басынан құрт алып шықты

Дәрігерлер науқас әйелдің басынан құрт алып шықты

Ұлыбританияда дәрігерлер 50 жастағы әйелдің басынан құрт алып шықты. 

Әйел бас терісінің астында бір нәрсенің жыбырлап, қозғалғанын сезіп, дәрігерден көмек сұрады. Сонымен қатар, ол сол құлағының ауырып жүргеніне және лимфа түйіндерінің қабынуына шағымданды. Сонда ауруханадағылар әйелдің инфекция жұқтырып алғанына күдіктеніп, оған антибиотиктер жазып берді.

Бірақ, бірнеше аптадан кейін әйел ауруға қайта келіп, ауырудың күшейгенін және құлағынан қандай да бір сұйықтық аға бастағынын айтты. Сонда дәрігерлер әйелдің жақында ғана Аргентинадан келгенін және оны сол жақта маса шағып алғанын естіп, науқасқа диагноз қойды. Сөйтсе, әйел тері астындағы жәндіктің дернәсілдерінен туындайтын паразиттік ауруға шалдыққан болып шықты.

Дегенмен, дәрігерлер ешқандай ота жасамай-ақ, науқастың бас терісінен ұзындығы 1,5 см-ден асатын бір құтты алып шықты. Бірақ екінші паразит өлі болғандықтан, әйелге ота жасау қажет болды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.