Жүрегі тоқтап қалған ер адамды тірілтпек болған дәрігерлер оны аңдаусызда өртеп жіберді
АҚШ-тың Сан-Антонио қаласында аурухана қызметкерлері пациентті тірілтпек болып, өрт шығарды.
18:43 29.05.2019
Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған 70 жастағы ер адамды тірілтеміз деп дефибрилляторды қолданған. Мұның алдында олар палатаға оттегінің түсуін тоқтатпаған екен. Салдарынан электр разряды кезінде шыққан ұшқыннан газ тұтанып, палата өртене бастады. Мейірбике құтқарушыларға қоңырау шалып, болған жағдайды баяндап берген.
«Оныншы қабат түтіндеп жатыр. Біз адамдарды эвакуациялап, оттегі беретін құрылғыны өшіруге тырысудамыз. Алайда түтіннің кесірінен, дәлізде ештеңе көрінбейді», - дейді ол.
Дәрігерлер пациентті құтқарып қала алмады. Алайда аурухана қызметкерлері оның өртке дейін қайтыс болғанын айтады. Полицейлер тексеру кезінде оның денесінің күйіп қалғанын анықтады. Сонымен қатар өрт палатадағы құрылғыны да зақымдаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!