Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
29 мамырда Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі көлік соқтығысып, төрт адам қайтыс болды.
08:20 30.05.2019
Екі жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.
Қаракөзованың айтуынша, қайғылы оқиға 29 мамыр таңертең Жетісай-Жібек жолы тас жолында болған. "Лада" маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, "Фольксваген-пассат” автокөлігімен соқтығысқан. Екі көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаға байланысты тергеу басталып, бірнеше сараптама тағайындалған.
Түркістан облыстық полиция департаменттің дерегінше, жыл басынан бері облыста 337 жол апаты болған. Салдарынан 85 адам қайтыс болып, 463 адам жарақаттанған.
Дереккөз: azattyq.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!