{metadescription}
Роза Абитова Холондағы турнирде қола медаль алды
Көркем гимнастикадан Израильдің Холон қаласында өткен халықаралық турнир қазақстандық Роза Абитова үшін сәтті аяқталды.
08:44 30.05.2019
Ол үздік үштік қатарына енді деп хабарлайды Olympic.kz. Көпсайыс қорытындысы бойынша Роза 70.25 ұпай жинап, қола медальға қол созды.
Сондай-ақ, ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда үшінші орын иемденді. Холондағы турнир ресейлік Дарья Приданникованың жеңісімен аяқталды. Екінші орында болгариялық Татьяна Воложанина.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!