{metadescription}
Автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам ажал құшты

Автобус жүк көлігімен соқтығысып, 20 адам ажал құшты

Сәрсенбі күні Мексиканың оңтүстік-шығысындағы Веракрус штаты аумағында автобус жүк көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан 20 адам қаза тауып, 18-і жарақаттанды. Бұл туралы Proceso газеті өзінің сайтында хабарлады. Апат Пуэбла-Орисаба күре жолында болған.

Жергілікті Proceso басылымының мәліметінше, Веракрус штатындағы тасжолда жүк көлігі автобуспен соқтығысқан. Қоғамдық көлік салонында құдайға сыйынуға бара жатқан адамдар болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан болуы мүмкін. Апат орнында дәрігерлер мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде. Жолдағы қозғалыс уақытша тоқтатылды.   

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.