Сотталушы сот үкімін естіп, қашып кетті
Қазан қаласының Ново-Савиновский аудандық сотының ғимаратынан 29-мамыр күні сотталушы қашып кетті.
11:23 30.05.2019
Ол шамамен 48 жастағы Ирек Зиганшин есімді азамат. Түстен кейін ол елді шығынға ұшыратұқан алаяқтық іс бойынша сотталды деген үкім шыққан болатын. Сот залынан қашу туралы ақпаратты Татарстан сотының баспасөз хатшысы Резеда Гафиева растады. Сот Зиганшинге 10 ай бас бостандығын айырылу туралы үкім шығарған сәттен бір минуттан кейін, ол сот залынан шығып кеткен.
«Жай ғана шықты да, кетті», - дейді дереккөздер.
Не болғаны туралы толық ақпарат әлі анықталмаған. Қазіргі таңда Короленко көшесін бақылайтын полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Жауапқа тартылушы Зиганшин сот мекемесінен қашып кеткен кезде, үстінде көк күртеше және қара түсті спорттық шалбар болған.
Дереккөз: Qamshy.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!