{metadescription}
Шымкентте көпбалалы ата-аналар 21 мың теңге үшін ажырасып жатыр

Шымкентте көпбалалы ата-аналар 21 мың теңге үшін ажырасып жатыр

Шымкенттік соттар ажырасу туралы өтініштердің астында қалды.

Көптеген көпбалалы отбасының өз шаңырағын шайқалтуына басты себеп атаулы әлеуметтік көмекті алу болып отыр. Көпбалалы аналар ажырастыруды талап етіп соттың алдын бермеуде. Ал әкелері мемлекеттен көмек алу үшін балаларынан бас тартып жатыр, деп хабарлады otyrar.kz.

"Ажырасуға өтініш беру көбейіп кетті. Әкеліктен бас тарту да аз емес. Аптасына 10-15 арыз түседі. Біз оларға барынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Олардың басты мақсаты — мемлекет тарапынан беріліп жатқан атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізу. Әкеліктен бас тарту ол қайта қалпына келтіруге болмайтын процесс. Соны түсіндіргеннен кейін ғана көбісі арыздарын қайтып алады", - дейді Еңбекші аудандық сотының судьясы Қайрат Ізбасаров.

Биыл атаулы әлеуметтік көмек мөлшері 20 789 теңгеге дейін көтерілді. Оған өтініш қабылдау 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды.

 


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде