Маңғыстау облысында 12 жасар балаға футбол қақпасы құлап кетті
Ақтауда бас сүйегі сынған 12 жасар баланы жергілікті дәрігерлер ота жасап, аман алып қалды.
12:24 30.05.2019
Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2007 жылы туған науқас 29 мамыр күні 19.00 шамасында облыстық балалар ауруxанасының қабылдау бөліміне Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан ауыр xалде келіп түскен. Оған бас сүйегі сынған деген диагноз қойылды.
Нейроxирургтардың қарауынан кейін дәрігерлер дереу ота жасауға кіріседі. Осылайша, бір жарым сағат бойы дәрігерлер баланың бас сүйегін тігіп, эпидуральды гематоманы жоюға күш салды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты. Әжесінің айтуынша, жеткіншек футбол алаңында ойнап жүргенде қақпаның үстіне құлап, басынан жарақат алған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!