{metadescription}
Туристік катер аударылып, 7 адам қайтыс болды

Туристік катер аударылып, 7 адам қайтыс болды

Будапешт қаласының орталығында, Дунай өзенінде серуендеу кемесі аударылды.

29 мамырда Венгрия астанасы Будапешттегі Дунай өзенінде 34 адам отырған туристік қайық аударылып, кем дегенде 7 адам қаза тапқан. 12 адам іс-түссіз жоғалып кетті. 15 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.

Венгрия құтқару қызметінің ақпаратына қарағанда, зардап шеккендердің көпшілігі шығысазиялық елдердің азаматтары, басым бөлігі ҚХР-ден. Алдын-ала мәлімет бойынша, туристік катер парламент ғимараты алдында тұрған кезде оған басқа серуендеу кемесі келіп соғылған.

Іс-түссіз жоғалғандарды іздеп жатқан құтқарушылар жұмысын ауа райы қиындатып жатыр. Қалың нөсерден Дунай ернеуінен тасып, ағысы күшейген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде