Алматы облысында ер адам оқушыларға пышақпен шабуылдады
Алматы облысының полициясы екі оқушыны тонаған күдіктіні қолға түсірді.
14:25 30.05.2019
28 мамырда Алмалыбақ ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларына арызданған. Әйел белгісіз біреу жергілікті саяжолда құрбысымен бірге серуендеп жүрген 13 жасар қызына тап бергенін айтқан. Ер адам балаларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған.
Полиция бірнеше сағаттан кейін күдіктіні анықтады, ол 30 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ер адам бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі таңда уақытша ұстау абақтысында отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!