{metadescription}
Сайлауда 5 дауыс жинаған саясаткер жылап жіберді

Сайлауда 5 дауыс жинаған саясаткер жылап жіберді

Үндістанның Пенжаб штатындағы тәуелсіз парламенттік үміткер Ниту Шуттеран Вала жергілікті тілшіге сұхбат берген кезде эмоциясын ұстай алмай, жылап жіберді.

Еңіреп жылаған ер адамның видеосы желіде желдей тарап кетіп, саясаткер бір күнде танымал болды.35 жастағы Ниту отбасында сайлауда қатыса алатын тоғыз адамның бар екенін айтты. Дегенмен, оған сайлауда тек бес дауыс жинағанын хабарлаған. Саясаткер туыстарының көмегіне үміттенген болатын. Бірақ, «сатқындық» туралы жаңалықты естігенде оның қатты көңілі түскені сонша, өзін ұстай алмай камера алдында жылап жіберді. Сондай-ақ, сұхбат барысында саясаткер дауыс беру нәтижесінің өзгертілгенін айтты.

«Менің жанұямда тоғыз адам бар, ал мен тек бес дауыс жинағанмын. Адамдар маған дауыс бергенін айтып, ант су ішті. Меніңше, санау барысында бір нәрсе дұрыс болмады», - дейді Пенджаб Ниту Шуттеран.

Сондай-ақ, ол бұдан былай сайлауға қатыспайтынын айтты. Себебі, ол бұдан ешқандай мағына көріп тұрған жоқ.  Алайда, бұл оқиға соншалықты қайғылы аяқталмады. Біраз уақыттан кейін дауыс берудің түпкілікті нәтижесі белгілі болды және іс жүзінде ол соншалықты жылайтындай болмады. Соңғы нәтиже бойынша, Ниту Шуттеран 856 дауыс жинаған.

Әрине, бұл жеңіске жетуге жеткіліксіз, бірақ саясаткер осы сайлаудың арқасында бір күнде танымал болды. Ал оның отбасы барлық туыстарының Шуттеранды белгілегенін дәлелдейтін арызды шығарып алмақшы.

«Бүкіл отбасы оған қолдау көрсетті. Бәрі, оның ішінде ағайларымыз бен басқа да туыстар оған дауыс берді»,- дейді саясаткердің бауыры.

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.