2019 жылға білім гранттары бөлінді
Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі 2019 жылға гранттарды мамандықтар бойынша бөлді.
16:54 30.05.2019
Ең көп грант техникалық және педогогикалық ғылымдарға беріліп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс. Білім және ғылыми министрлігі жоғары білімді мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты бекітті. Биылғы жылға бөлінген гранттардың жалпы саны – 50 985. Мемлекеттік тапсырыс төмендегі мамандықтар бойынша бөлінді:
Педагогикалық ғылымдар— 8276; Өнер — 1615; Әлеуметтік ғылым (журналистика, ақпарат) – 960; Бизнес — 1223; Жаратылыстану ғылымдары — 4088; Ақпараттық-коммуникациялық технология — 5977; Техникалық ғылымдар — 15011; Ауылшаруашылық ғылымдары— 1600; Ветеринария — 835; Қызмет көрсету саласы — 2200; Даярлық (ҚР азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне арналған бөлім) — 2450; «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы бойынша— 5109; Басқа — 1641.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, гранттар еліміздегі жоғары оқу орындарының арасында бөлініп қойған екен. Айта кетсек, 2018-2019 оқу жылына 53 594 грант бөлінген болатын. Медициналық мамандықтарға мемлекеттік тапсырысты Денсаулық сақтау министрлігі жариялайды. Болашақ дәрігерлерге арналған гранттардың саны кейінірек белгілі болмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!