Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті
Алматыда автобус пен Kia Cerato маркалы автокөлік соқтығысты.
17:53 30.05.2019
Автобус пен жеңіл көлік Назарбаев даңғылының бойында оңтүстік бағытта келе жатқан. Kia жүргізушісі екінші қатардан оңға бұрылып, аулаға кірмекші болған екен. Алайда автобус жүргізушісі жол беріп үлгермей, автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан автобуста отырған жүкті әйел зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!