Балалар ақша үшін басын есікке соғуда
Желіде get that money challenge (бұл ақшаны ал) аталатын жаңа челлендж тарады.
18:27 30.05.2019
Оның шарты бойынша, қатысушылар балаларға қалаған затын сатып алып беруге уәде етеді. Тек ол үшін бала жоғарыдан құлаған банк картасын ұстап қалуы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz.
Мұндай роликтердің бірін Twitter желісінде Kevin есіміді қолданушы жариялады. Ол ұлын есікке қарсы тұрғызып, жоғарыдан құлаған банк картасын ұстап қалу үшін, басын есікке соғуға мәжбүрледі. Алайда бұл баланың қолынан келмеді. Сол кезде жанында тұрғандардың бәрі қатты күліп жіберді.
Кей балалардың түріне қарағанда, олар жақындарының өзін күлкі еткеніне ренжіп қалған сияқты. Челленджге қатысушылардың бірі басын қатты соққаны сонша, маңдайын ұстап тұрып қалды. Желі қолданушыларының арасында видоеға қатысты жағымсыз пікір білдіргендер бар.
«Мені шымшып алып, бұл әлемнің біртүрлі түс екенін айтыңыздаршы», «Мұнда қандай да бір сабақ бар ма әлде өзінің ақымақтығын көрсету ме?» - деп жазды пікір қалдырушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!