Тікұшақ құлап, әскерилер қаза болды
Ровенская облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, әскерилер қаза болды.
20:40 30.05.2019
Қайғылы оқиғадан кейін Львов облысында аза тұту күні жарияланды. Тікұшақтың апатқа ұшырағаны туралы Украина Құрлық әскерлерінің өкілдері хабарлады.
"Әуе апаты салдарынан Украина Қарулы күштері Құрлық әскерлері армиялық авиациясы 16-шы жекелеген бригадасының командирімен бірге экипаждың төрт мүшесі мерт болды", - делінген хабарламада.
Әуе апатының себептері анықталып жатыр, деді Құрлық әскерлерінің өкілдері. 30 мамыр Львов облысында аза тұту күні болып жарияланды. Украинаның мемлекеттік тергеу бюросы оқиғаны тергеп-тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!