Таразда көпқабатты үй отқа оранды
Тараздағы «Қарасу 5» мөлтек ауданы 18 үйдің шатырында өрт шықты.
08:18 31.05.2019
Жамбыл облысының Төтенше жағдай департаменті өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметіне 19.34-те қоңырау түсіп, 14 техника, 62 өрт сөндіру қызметінің мамандары жұмылдырылды.
«Қазіргі таңда 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның 42-і бала. Кешкі сағат 20.50-де өрттің өзге аймақтарға қауіп төндіруі тоқтатылып, қазіргі таңда толық бақылауға алынды», - делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдар өрт шыққан үйдің тұрғындарын жақын маңдағы екі мектепке көшіріп, онда ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Аталған оқиғаға байланысты жедел штаб тобы құрылып, тілсіз жаудың шығу себептері анықталуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!