Төңкеріс жасамақ болған 74 әскери өмір бойына түрмеге кесілді
Түркия соты 2016 жылдың шілде айында мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 74 әскери қызметкерді өмір бойы түрме жазасына кесті.
08:46 31.05.2019
Олардың 56-сы қатаң режимдегі колонияға жіберілмек. Анкарада мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп 152 күдіктінің ісі қаралған. Олардың 31-і ақталып шықты.
Сот мәліметінше, елде төңкеріс жасамақ болғандар Түркия бас штабының бұрынғы басшысы Хулуси Акарды кепілдікке алып, оны әуебазадан премьердің резиденциясына жеткізген. Акарды жеткізген ұшқыш Угур Капан "4 мың жылға" бас бостандығынан айырылған.
2016 жылдың 16 шілдесіне қараған түні Түркияда билікті тартып алу әрекеті болған. Бірақ оны дер кезінде басқан. 250-ден астам адам қайтыс болып, 2200-і жарақат алған. Елге төтенше жағдай енгізілді. Бұл іске қатысты алғашқы сот отырысы 2017 жылы басталды.
Turkey Purge құқық қорғаушылардың сайтындағы мәлімет бойынша, жалпы бұл оқиғаға қатысы бар деп 96 мың адам ұсталып, 500 мың адам тергеуге алынған. Анкара мемлекеттік төңкеріс әрекетін ұйымдастырған ислам дінін уағыздаушы Фетхуллах Гюлен деп санайды. Ол 1999 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Түркия Вашингтоннан оны беруді талап етіп келеді.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!