{metadescription}
Ер адам телефонын қуаттап жатқан жерінде көз жұмды

Ер адам телефонын қуаттап жатқан жерінде көз жұмды

Тайландтың Накхонратчасима провинциясының тұрғыны ұялы телефонын қуаттап жатқан жерінде көз жұмды.

Басылымның хабарлауынша, 22 жастағы тайландтық азамат үйінде жалғыз болған. Туыстарының келуін күткен ер адам қуаты азайған телефонын тоқ көзіне қосып, төсегіне жантая бергенінде өліміне әкелген электр тогының соққысын алған.

Оны бірінші болып байқаған туысы марқұмның тоқ көзіне қосылған телефонын алақанына қысқан күйде жатқанын көрген. Дәрігерлер тайландтық азаматтың туысы келгенге дейін бес сағат бұрын қайтыс болғанын анықтады.

Дереккөз: Qamshy.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде