{metadescription}
Cемейде мас жүргізуші пойызға соғылды

Cемейде мас жүргізуші пойызға соғылды

Медициналық сараптама көлік жүргушісінің ішімдік ішкенін анықтады.

Жол апаты 30 мамыр күні сағат таңғы 4.30-да Семей қаласындағы темір жол өткелінде болды. 20 жастағы жеңіл автокөліктің жүргізушісі "Жансая" базарының тұсындағы жабық тұрған шлагбаумды елемей, темір жолға шығып кеткен. Салдарынан "Павлодар — Алматы" бағытында келе жатқан пойызбен соқтығысады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жол апатында ешкім жарақат алмаған екен. Ал медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша, жеңіл автокөлік жүргізушісінің мас күйде болғаны анықталып отыр. Жүргізуге әкімшілік хаттама толтырылды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде