Көлік жарылып, кем дегенде 7 адам қаза тапты
31 мамырда Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылып, кем дегенде жеті адам қаза тапты.
13:48 31.05.2019
Жарылыс астананың шығысындағы Якатот ауданында болған. Ауған билігі қаза тапқандар мен жапа шеккендер саны әзірге нақты емесін айтады. Жарылыс болған маңда АҚШ пен НАТО әскерилері, сондай-ақ Ауғанстан ұлттық қауіпсіздік күштерінің ғимараты орналасқан.
Бұл - екі күн ішіндегі екінші жарылыс. Кеше, 30 мамырда Кабулдағы әскери академияның маңында жанкешті өзін жарып жіберіп, алты адам қаза тапқан. Жарылысты өздерін "Ислам мемлекеті" атайтын террористік ұйым мойнына алды.
Дереккөз: azattyq.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!