{metadescription}
Алматы облысында әйелдің жасаған ұрлықтары видеоға  түсіп қалды

Алматы облысында әйелдің жасаған ұрлықтары видеоға түсіп қалды

Алматы облыстық полициясы сауда үйлерінде, оқу және медициналық мекемелерде ұрлық жасап келген әйелді ұстады. 

25 жастағы әйелдің Талдықорған және көршілес Ескелді ауданында жасаған бірнеше ұрлығы бақылау камерасына түсіп қалған. Артынша видео әлеуметтік желіде тарай бастады. Өз кезегінде видеоматериалды зерттеген полицейлер ұрыны анықтап, артынша ұстады. 

«Күдікті ретінде Көксу ауданының 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның Талдықорғанда және Қарабұлақ аулында 6 рет қалта ұрлығын жасағаны дәлелденді. Ұрлық сауда үйлерінде, оқу және медициналық мекемелерде жасалған. Ұрланған заттардың арасында ақша, ұялы телефон, әмиян, әйелдердің сөмкесі және тағы басқа да заттар бар. Зардап шеккендерге қанша шығын келгені есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», - дейді полиция департаментіндегілер. 

Полиция мәліметінше, тұтқындалған әйел бұған дейін осыған ұқсас қылмыстары үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.