Шымкентте 2 бала сірке суын ішіп қойды
Сірке суын ішіп қойған екі жеткіншекті дәрігерлер аман алып қалды.
18:00 31.05.2019
Ағзаға аса қауіпті сұйықтықты байқамай ішіп қойған жеткіншектер жедел жәрдем қызметімен Шымкент қаласындағы Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген.
Ауыр халдегі науқастар орталықтың жансақтау бөлімінде бірнеше күн бойы ес-түссіз жатқан. Шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілген балақайлар дәрігерлердің араша болуымен аман қалды. Бір аптадан аса уақыт жіті қадағалауда болып, жағдайы оңалған балалар қазір палатада ем қабылдап жатыр. Қазір екеуінің де жағдайы жақсы. Қауіпті сұйықтықтан уланған жеткіншектердің бірі болған жағдайды былайша баяндап берді:
"Әженің үйінде ойнап жүріп, баклажкадағы суды байқамай ішіп қойдым. Кейін аузым және тілім ісіп, жағдайым нашарлай бастады. Енді баклажкадағы сусындарды абайлап ішетін болдым", - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!