{metadescription}
Оралдың орталығында көлік өртеніп кетті

Оралдың орталығында көлік өртеніп кетті

Оралда қаланың қақ ортасында автокөлік отқа оранды.

Батыс Қазақстан облысының  ТЖД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқыс оқиға 31 мамыр күні түнгі сағат 22.14 шамасында Еуразия даңғылы мен Ә.Әйтиев көшелерінің қиылысында болған. 1991 жылы шыққан BMW автокөлігінің мотор бөлігі жанып кетті. Оны сөндіруге 6 маман бір техникамен барды.

«Тілсіз жау» 22.25-те оқшауланып, 22.58-де ауыздықталды. Бастапқы мәліметке қарағанда, автокөліктің қозғалтқышы жарылған. Оқиға көшенің ортасында болғандықтан, басқа көліктердің оны айналып өтуіне тура келді. Облыстық ТЖ департаменті тарапынан өңірде аптап ыстыққа байланысты 1 маусымнан бастап өрт қаупі күшейетіні ескертілді. Сонымен қатар кеше Оралда жеке үй өртенді. 31 мамырда таңғы сағат 04.10-да Самар көшесіндегі 89/9 үй отқа оранды.

Тұрғын үйдің жақтаулары мен кіреберіс бөлмесі (100 шаршы метр) және шаруашылық құрылыстары (140 шаршы метр) өртенді.  Оны сөндіруге 22 маман мен 6 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жарылуы мүмкін газ баллонын уақтылы алып шыққан. Өрт сағат 04.58-де сөндірілді. Оан ешкім зардап шекпеді.  Қазіргі кезде екі өрттің де шығу себебі, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде