{metadescription}
Жұмысшы 12 адамды өлтіріп тастады

Жұмысшы 12 адамды өлтіріп тастады

Шабуыл жасаған адам полицейлермен атыс кезінде жарақат алып, қаза болды.

АҚШ-тың Вирджиния-Бич курорттық қаласында әкімшілік ғимаратта коммуналдық қызметтің жұмысшысы атыс шығарды. Қалалық полиция басшысы Джим Сервера қаладағы коммуналды қызмет саласында көпжылдық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметші риза болмағандықтан муниципиалды ғимаратта атыс ұйымдастырғанын айтты.  Шабуылшы өзі жалғыз әрекет еткен. Сервера шабуылшының шамамен сағат 16:00 кезінде ғимаратқа кіріп, бірден оқ жаудырғанын хабарлады. Шабуыл кезінде 12 адамның қаза болғаны анықталды. Мемлекеттік қызметшінің өзі де полициямен атыс кезінде қаза тапқан.  

«Жұрт айғайлап, қаша бастады. Мен сұмдық жол апатын көрді ме деп қалдым», - дейді қайғылы оқиға болған ғимараттың бірінші қабатында жұмыс істейтін қызметкер Занд Бахтиари.

Мәйіттер барлық үш қабатта жатты, деп хабарлады қаланың полиция бастығы Джим Сервера. Қаза болғандардың бірі сырттағы көліктен табылыпты.

«Зардап шегушілердің бірі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды. Тағы төрт адам ауруханада. Қолда бар мәлімет бойынша, кейбіреулер ауруханаға өздері бара алады», - деді полиция бастығы.

Оның айтуынша, 45-ші калибрлі тапанша табылыпты. Әзірге ер адамның неге мұндай қылмысқа барғаны белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде