Нұр-Сұлтанда 9 жасар қыз сауда орталығындағы бассейнге батып кетті
Қыз бала №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген.
16:14 03.06.2019
Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан. 9 жастағы қыз «Хан Шатыр» сауда орталығындағы бассейнге батып кетті. Оқиға бүгін сағат 11:30 шамасында болған. Қыз бала №10 мектеп-гимназиясындағы достарымен шомылуға келген. Бассейнде 30 шақты бала шомылып жатқан.
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР ҚК «Балалардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктердің жеткіліксіз болуы» бабы бойынша іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!