{metadescription}
«Хан Шатырда» суға кеткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Хан Шатырда» суға кеткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында 9 жасар қыз бала суға батып кеткен болатын.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хан Шатыр»сауда және ойын-сауық орталығында бассейнге батып кеткен 9 жасар қыздың өліміне қатысты түсініктеме берді.

«Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды. Ол жерде жазғы лагерь болған. 30 бала бассейнде жүзіп жүрген. Кенеттен сәтсіз жағдай орын алып, бір оқушы қыз құлап кеткен. Біз қазір сол сәтте құтқарушылардың қайда болғанын, неге көмектеспегенін анықтап жатырмыз. Әрине, балалар лагерін ұйымдастырған және қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген ұйымдастырушылардың жауапкершілігі туралы мәселе туындайтыны рас. Қазір барлық бейнекамераның жазбасын алдық, сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін.

Айта кетейік, 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында 9 жасар қыз бала суға батып кеткен болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде