Ақтөбеде 7 жасар бала көлік астына түсіп, мерт болды
Оқиға 3 маусым күні Ақтөбе қаласының Қарғалы ауылында тіркелді.
14:08 04.06.2019
«Газ-53 (ассенизатор) көлігінің жүргізушісі аулада достарымен ойнап жүріп, доп қуып жолға жүгіріп шыққан 2012 жылғы баланы қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала қаза тапты. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті ата-аналарға жазғы уақытта жолдарда және су айдындарында бақылауды күшейту және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қажеттігін ескертеді», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағындағы жолдарда 84 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 93 бала дене жарақатын алған және 3 бала қаза тапқан. Соған орай бүгін полиция қызметкерлері қан тапсырды. Полиция қызметкерлері осы акция арқылы жүргізушілер мен ата-аналарды балалар қауіпсіздігі үшін сақ болуға шақырды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!