Алматыда маусым айынан бастап қай қызметкерлердің жалақысы артады?
Алматыда маусым айынан 61 мың мемлекеттік қызметкердің жалақысы көтеріледі.
14:39 04.06.2019
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен жалақы өсіруге шамамен 10 млрд теңге бөлінді. Алматы қаласының әлеуметтік қамтамасыз ету басқармасының мәліметінше, жалақы 30 пайызға дейін артады. Әсіресе, білім беру саласының қызметкерлерінің жалақысын өсіруге басымдық берілді.
Олардың саны 55 мың адам, мәдениет саласында - 2 мың, полиция департаментінде - 679, денсаулық сақтау саласында - 535 қызметкердің жалақысы көбейеді. Мысалы, тәрбиешінің жалақысы 54,2 теңгеден 70,4 мың теңгеге дейін өседі. Жоғары санатты мейірбикелердің жалақысы 64,1 теңгеден 77 мың теңгеге дейін өседі. Дәрежесі кіші медициналық қызметкердің жалақысы 48,8 мыңнан 64,5 мыңға дейін, мейірбикенің жалақысы 76,4 мыңнан 99,3 мың теңгеге дейін артады.
Бұған дейін Алматыда 100 өнеркәсіптік кәсіпорын елбасының жалақыны көтеру бастамасын қолдады. Кәсіпорындар жалақыны орта есеппен 45 мың теңгеден 75 мың теңгеге дейін көтерді. Ал жұмыс берушілердің жалақысы аз болғанына қарамастан, кейбір жұмыс берушілер жалақыны үштен бір бөлігіне дейін арттырды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!