{metadescription}
Түркістанда түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

Түркістанда түлектер мұқтаж сыныптасының отбасына үй салып берді

Түркістан қаласында мектепті 20 жыл бұрын тәмамдаған түлектер қайырымды іс жасап, бүтін бір отбасыны қуантты. 

Қасиетті Рамазан айында 1982 жылы дүниеге келген түлектер игі істі қолға алып, мұқтаж отбасыға үй салып берді. Түлектердің барлығы №11, №18 және №31 мектептерді тәмамдаған. Жаңа баспанаға ие болған Бақтыбай Таубаев осы Мөлтек ауданының тұрғыны. Денсаулығы жұмысқа жарамайтын ол анасымен бірге тұрып жатыр. Бірге өскен сыныптастың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы түлектерді бұрыннан ойландырып жүрген екен.

Олар Рамазан айының алғашқы күндері іске кірісіп, жалпы құрылысты небәрі бір ай ішінде аяқтады. Күні бүгін олар 70 шаршы метр аумақты қамтыған үйдің кілтін табыстады. Барлығы бірігіп ауызашар беріп, Құраш бағыштады. 

"Ер Бекзатың інілері ізгілікті іс жасап, ынтымақтың қандай болатынын көрсетіп елге үлгі болды" десті жерлестері. 

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.