{metadescription}
Жасырынбақ ойнаған 2 бала тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды

Жасырынбақ ойнаған 2 бала тоңазытқыштың ішінде қалып көз жұмды

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Михайловка ауылында қайғылы оқиға болды.

Төрт және алты жасар бауырлар тоңазытқыш ішінде қалып көз жұмды. Ата-анасы балаларын жергілікті уақыт бойынша сағат 11.55 шамасында іздей бастады, бірақ оларды бес сағаттан кейін ғана тапты. Екі бала үйдің ауласында тұрған ескі тоңазытқыштан табылды.

Алдын-ала мәлімет бойынша, балалар тығылмақ ойынын ойнап жүріп тоңазытқышқа кіріп алған. Тоңазытқыштың есігі жабылып, ішінен ашылмай қалған. Қайғылы оқиға 3 маусымда болған.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде