85 науқасты өлтірген дәрігерге үкім шықты
Ольденбург неміс қаласының соты 6 маусымда медициналық қызметкер Нильс Хёгелді өмір бойына бас бостандығынан айырды.
10:55 07.06.2019
Ол 2000–2005 жылдары 85 науқасты өлтірді деп айыпталды. Шешім Германияның Олденбург қаласындағы Жер сотының отырысында қабылданды. Анықталғандай, дәрігер адам өліміне апаратын дәрі мөлшерін науқастарға егіп өлтірген.
Тергеушілердің айтуынша, медициналық қызметкер өзінше тәжірибе жүргізуі мүмкін. Санитарды тексерген психиатр Макс Штеллер оның "паталогиялық нарциссизмге" шалдыққанын айтқан.
Бұған дейін дәрігер Уильям Хьюзель 25 науқастың өліміне кінәлі деп айыпталған болатын. Ол науқастарға ауырсындырмайтын дәрі-дәрмектің өмірге қауіп төндіретін мөлшерін енгізген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!