Қарағандыда полиция формасындағы мас ер адам төбелес шығарды
Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаланың 25 жастағы екі тұрғынын ұстады.
11:20 07.06.2019
6 маусымда «102» телефонына 18-ықшам ауданда тұрғын үй ғимаратының жанында төбелес болғаны жайлы ақпарат түсті, деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қаланың 25 жастағы екі тұрғынын ұстады.
Оқиғаны анықтау барысында 6 маусым күні сағат 17:00-де № 29 үйдің жанында екі ер адамның спирттік ішімдіктер ішкені анықталды. Олардың біреуі ҚТЖ қызметкері болып шықты. Ішімдік ішкендерге осы үйдің 35 жастағы тұрғыны қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге болмайтынын ескерткен. Осыдан кейін олардың араларында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. 36 жастағы куәгерлердің бірі ажыратуға тырысқан.
35 жастағы ер азамат жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» заңы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды, тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция құқық қорғау органдарының қызметкерінің төбелес барысында оқиға орнында болғандығы туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!