Головкин қарсыласын төртінші раундта нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты төртінші раундта сұлатып түсірді.
09:16 09.06.2019
Бокс кеші Қазақстан уақытымыен 9 маусым күні сағат 09:00-де басталды. Жекпе-жек Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен үш жылдық келісімшарттың бірінші айқасы болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен бірге алғаш рет шықты.
Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-ші жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды. Ал Роллс үшін бұл оның 20-шы айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.
Сонымен қатар, АҚШ боксшысы Никита Абабий қарсыласын бірінші раундта-ақ сұлатып салды. Головкиннің бокс кешінде жеңілмеген мексикалық нокаутқа түсті. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Геннадий Головкин — Стив Роллс жекпе-жегінің андеркардында америкалық боксшы Никита Абабий(4-0, 4 КО) бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Ол мексикалық Хуан Франсиско Лопес Барахасмен (5-0, 3 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек төрт раундқа есептелген еді, алайда Абабий қарсыласын 30 секундтың ішінде нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз Әли Ахмедов тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлден басым түскен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!