Қызды қағып кеткен мас жүргізуші оқиға орнынан бой тасалаған
Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі ұсталды.
16:16 10.06.2019
Бұл туралы аймақтық полиция департаменті мәлім етті.
«Аталмыш оқиғаға қатысты факті тіркелген. Жүргізуші ұсталды. ЖКО кезінде ол мас күйінде болған. Қыз жарақат алған, бірақ ауруханаға жатқызылмаған»,- деп нақтылады ведомстводан.
ҚР ӘҚБК 608-бабы - жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру бойынша әкімшілік іс қозғалды. Қажетті процедуралар жүргізілгеннен кейін материал сотқа жолданады.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!