Көкшетауда 35 жастағы ер адам анасын сабап өлтірген
Қазір күдікті қамауда отыр. ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды.
17:20 10.06.2019
35 жастағы ер адам анасын сабап өлтірген. Қайғылы оқиға 9 маусым күні болған. Облыс орталығындағы үйлердің бірінде 59 жастағы әйел өлі табылды. Алдын-ала мәлімет бойынша, көкшетаулық 1984 жылғы ер адам үйіне келген.
Анасы мен баласының арасында кикілжің шығып, ер адам шешесіне қол көтерген. Қазір күдікті қамауда отыр. ҚР ҚК-нің «Денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды.
Дереккөз: sn.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!