Ақтауда 24 жастағы жігіт теңізге батып кетті
Теңіз жағалауында 24 жастағы жігіттің денесі табылды.
17:52 10.06.2019
Ақтауда жігіт теңізге батып кетті. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылы тұсындағы теңіз жағалауында 24 жастағы жігіттің денесі табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға 8 маусым күні болған.
Шақырту сағат 20-40 шамасында түскен. 1995 жылы жылы туған азаматтың денесін құтқарушылар келгенше жағалауда жүрген адамдар шығарып алған. Оның артында отбасы мен 5 айлық сәбиі қалған.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!