{metadescription}
Ақтауда полициядан қашқан көлік жол апатына түсті

Ақтауда полициядан қашқан көлік жол апатына түсті

Жол-көлік оқиғасы 9 маусым күні Ақтаудағы 12 шағын ауданда орналасқан №71 үйдің жанында орын алған.

Заң бұзушы полициядан қашам деп жол апатына тап түсті. Өңірлік Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға жол талғамайтын көлік жүргізушісінің кесірінен орын алыпты. Ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткендіктен жол-патрульдік полициясының қызметкерлері одан тоқтауын сұрайды.

Бірақ, ереже бұзған адам тәртіп сақшыларының бұйрығына құлақ аспай, жазадан қашып құтылмақ ниетте "Ақтау" сауда-ойын-сауық кешеніне қарай жүрісін жалғастыра берген. 12А шағын ауданда орналасқан "Мечта" сауда үйінің маңында ер адам тізгінге ие бола алмай жол белгісінің тіреумен қақтығысқан.

- Аталған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қашып кетпек болды, бірақ қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында олар қолға түсті. Оқиға нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 3 бабы 610 бөілімі және 1 бабы 599 бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама тотырылды. Іс материалдары шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жөнелтілетін болады, - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде