Алматыда бірнеше үйге ыстық су беру тоқтатылды
Алматыда екі аудандағы бірнеше үйге ыстық су беру тоқтатылды.
14:44 11.06.2019
«Ақкент», «Жас Қанат», «КЭЧ» және «СВК» қазандықтарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты Алатау мен Түрксіб ауданында орналасқан бірқатар ғимаратқа ыстық су беру тоқтатылды. Атап айтқанда, Жас Қанат және Жұлдыз-1 шағынаудандарында - 10-24 маусым аралығында, Мөңке би - Б. Момышұлы - Райымбек - Ф. Оңғарсынова шаршысында - 13-27 маусым аралығында; Б.Хмельницкий - Дөнентаев - Сүйінбай - Поддубный шаршысында 13 маусым-4 шілде аралығында су болмайды.
«Қазандық жабдықтары күзгі-қысқы жылыту маусымында жылу жоғалту көрсеткіші мен апаттық көрсеткішті азайту үшін жөнделетін болады», - деп мәлім етті «Алматы жылу желілері» ЖШС.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!