{metadescription}
Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жігіт қайтыс болды

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккен жігіт қайтыс болды

11 маусым күні Шымкенттегі жанармай бекетінде болған жарылыстан денесінің 98 пайызы күйген 20 жастағы жігіт қайтыс болды.

Бұл туралы Т.Орынбаев атындағы жоғары қысымды оксигенация орталығының мамандары мәлімдеді. 

«Зардап шеккен азамат 18:10-де қайтыс болды. Жалыннан жігіттің бетін, мойнын, қолдарының жоғарғы және төменгі жақтарын 3-ші және 4-ші дәрежелі термиялық күйік шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратында жатты. Жарақаты ауыр болатын. Барлық қажетті көмек толық көлемде қамтамасыз  етілгенімен,  өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - деді Мәдина Ермаханбетова.

Еске сала кетейік, 7 маусым күні Жібек жолы даңғылындағы жанармай бекеттерінің бірінде газ жарылып, ер адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде