{metadescription}
Тоқаев Бішкекке келді

Тоқаев Бішкекке келді

Қазақстан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке келді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ мүше мемлекеттер басшыларының шағын және кеңейтілген құрамда өтетін отырыстарына қатысады. Саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылады және қабылданады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Ақорда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, соның ішінде Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, сондай-ақ, Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен екіжақты кездесулер өткізеді. 

Саммитке қатысу үшін 11 елдің басшылары келеді: Ресей, Қазақстан, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Үндістан және Пәкістан. Шараға бақылаушы ретінде Ауғанстан, Беларусь, Иран және Моңғолия президенттері қатысады. Мемлекет басшылары кеңесінің отырысын жариялау үшін 500-ден аса шетелдік және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері аккредиттелген.


 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде